Ресейде жыл сайын өткізілетін патриоттық диктант биылғы жылы Еуропа мен ТМД-ның барлық елдерінде жазылады. Бұл туралы “Единая Россия” партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
“Тарихи естелік” жобасының үйлестірушісі Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Александр Хинштейн диктантты өткізуге өтінімдер Африка, Азия және Оңтүстік Америка елдерінен келгенін мәлімдеді.
Диктант жазатын алаңдардың жалпы саны шамамен алты мыңды құрайды. Қазақстаннан қатысушылар он екі қалада диктант жаза алады, онда он бес алаң ашылады.
“Жеңіс диктанты” ағымдағы жылдың 24 сәуірінде өтеді. Алғаш рет ол өткен жылы Ресей, Тәжікстан, Беларусь және Арменияны қоса алғанда, жиырма екі елде өткізілді.
Тапсырмаларды ғалымдар мен тарихшылар құрастырады. Диктант күндер, оқиғалар, әскери география, тарихи тұлғалар, сол уақыттағы плакаттар, көркем әдебиет және ескерткіштер бойынша мәселелерді қамтитын болады.
Сурет: мояоколица.рф