“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” төрайымы Ләззат Ибрагимова келесі жылдың басында өзі басқаратын қаржы институты онлайн-платформаны іске қосатынын, оның көмегімен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатынын хабарлады.
Ибрагимова зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға өтінім беру үшін азаматтар порталға кіріп, қаражат жұмсауды жоспарлап отырған мақсатты таңдап, барлық қажетті құжаттарды электрондық форматта ұсынуы қажет екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” басшысы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға, ипотеканы өтеуге немесе ресімдеуге және медициналық қызметтерді төлеуге жұмсай алатынын нақтылады.
Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін заң ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Ибрагимова бұған дейін ол басқаратын банк зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор болған жағдайда, біздің азаматтардан зейнетақы төлемдерін есептеу және аударуға байланысты барлық операциялар үшін комиссия алмайтынын айтқан болатын.
Сурет: 24.kz