Қазақстан аумағында коронавирустың таралуын болдырмауға жауапты ведомствоаралық комиссия авиакомпанияларға ПТР-тестілеуден өткендігі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды tengrinews.kz ақпарат ресурсы.
Шешім коронавирустық инфекцияның Қазақстанға шетелден әкелінуіне жол бермеу мақсатында қабылданды және бұл талап халықаралық авиарейстерді орындайтын авиатасымалдаушыларға қатысты.
Ведомствоаралық комиссия мүшелері анықтаманың болуы туралы талап тек шет мемлекеттердің азаматтарына ғана қатысты екенін, яғни қазақстандықтардың аталған құжатсыз отанына оралуға құқығы бар екенін мәлімдеді.
Алайда, мұндай жағдайда біздің азаматтарымыз коронавирусқа тестілеу рәсімінен өту үшін карантинге жіберіледі.
Соңғы мәліметтер бойынша, біздің мемлекетімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 110684 жағдайы тіркелді. Дегенмен, 105766 адам вирустан айықты.
Сурет: tengrinews.kz