Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстандықтар интернет пен көшелерде наразылық білдіруде, митингтерде ондаған қатысушылар ұсталды

7 года назад
Казахстанцы протестуют в интернете и на улицах, задержаны десятки участников митингов

«Twitter» әлеуметтік желісін қолданушы Aliya.anais Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың желі бетіндегі жазбаларының біріне түсініктеме жазды. Ол түсініктемесінде Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертпеуді сұрады, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.

«Сәлеметсіз бе! Өтініш, қайта атау жөнінде референдум өткізіңіз. Бұл біздің еліміз, біз мұндай жағдайларға қатысуымыз керек. Парламент аспаннан түсіп, халықтың айтқанын тыңдасын. Біз, қарапайым адамдар Астананы қайтарғымыз келеді. Өтінеміз!»- деп жазды ол.

Азаматтар Тоқаевтың, Нұрсұлтан Назарбаевқа қарағанда, интернет-сервисте аккаунт жүргізетініне көңіл аударып, осы мүмкіндікті пайдаланып орын алып жатқан оқиғалар туралы өз пікірлерін білдірді. Токаевтың бетіндегі түсіндірмелерде пайдаланушылар былай деп жазады: «Бүкіл Қазақстан бойынша қала мен көшені қайта атау – бұл ессіздік»,»Бастауыңыз нашар «,»Петропавлды Нұрсұлтан деп қайта атаңыз, ал Астананы Астана деп қалдырыңыз».

Бұрын хабарланғандай, Астананың атауын өзгертуге қарсы митингіге шыққан бірнеше ондаған адам бейсенбі және жұма күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ұсталды. Ұсталғандардың арасында — журналистер, атап айтқанда, Светлана Глушкова бар. Сондай-ақ, полицейлер бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне жұмыс істеуіге кедергі келтіруде, ұстаулар тәртіп бұзушылықпен жүргізілуде. Ұстау екінші күн өтіп жатыр — 21 наурыз күні елордада әкімшілік ғимаратының алдында қаланың атын өзгертумен келіспейтін жиырма шақты адам ұсталды.

Журналист Мария Гордеева фейсбук әлеуметтік желісінде, бүгін Алматыда митингте 21 адам ұсталғанын хабарлады.

Алматы қаласындағы Астана алаңында ұсталған адамдардың бірінің жұбайы Алмагүл Мамекова журналистерге оның күйеуі полицейлерден қарт әйелді қорғауға тырысқан кезде ұсталғанын айтты. Нәтижесінде оны да, зейнеткерді де, арбада отырғанына кішкентай балаға қарамастан жұбайларды да ұстады. «Бала қорқып, әлі де тынышталған жоқ», – деп шағымданды Алмагүл. Ол полицияда жұбайын ұзақ іздеді. «Бізде ақша жоқ, ақша күйеуімде қалды», — деді әйел.

Құқыққорғаушы Ғалым Ағелеуов Алматының басқа аудандарында да ұсталғандар туралы хабарлады. Тәуелсіздік алаңында Эльмира Құрманғалиева мен Елена Белова ұсталды.

ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің редакциясы, жұма күні ІІМ басшысының кеңесшісі – министрліктің ресми өкілі, ұстау жайында ведомство кейінірек түсініктеме берді деп уәде берген Нұрділдә Оразға өтініш білдірді.

Сурет: Facebook

Новости СМИ2
Алдыңғы

Тоқаев су тасқынына дайындалуды тапсырды

Келесі

24 наурызда Байтерек, туберкулезге қарсы күресті қолдау белгісі ретінде, қызыл түспен жарқырайды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.