Біздің республикада салық төлеуді оңайлатуға және салық жүктемесін азайтуға бағытталған шұғыл шаралар пакеті әзірленді. Бұл мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жасалды.
Шаралар кеше Тоқаевтың қатысуымен өткен реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында қаралды. Олар микро және шағын бизнес субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорына салық жүктемесін азайтуды, сондай-ақ жаңа өндірістік компаниялар үшін ҚҚС бойынша мөлшерлемені 70%-ға азайтуды көздейді.
Сондай-ақ, бұл шара, негізгі мақсаты – өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылатын микроқаржы ұйымдарында “Бизнестің жол картасын” субсидиялау бағдарламасына енгізуді көздейді.
Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін, бұл нормалар осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп жоспарлануда.
Бұған дейін осы кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамның маңызды мәселелерін талқылауға адамдарды кең тарту қажеттігі туралы мәлімдемсі хабарланған.