Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеудегі Жеңіс парадына бара ма? Бұл туралы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі Виталий Адамович айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
“Жоқ. Биыл қазақстандық әскерилердің Қызыл алаңдағы шеруге қатысуы бастапқыда жоспарланбаған. Былтыр біздің әскерилер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өткенде барған болатын”,-деді ол.
Бұған дейін Адамович Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қалай өтетінін айтқан болатын.
Қазақстанда 7 мамыр құрметіне шеру болмайтыны 13 сәуірде белгілі болды.