Ресей жағалаулық күзет департаментінің басшысы Геннадий Медведев Қазақстанды бірлескен теңіз оқу-жаттығуларына қатысушы елдер тізімінде атады, деп хабарлайды “ТАСС” ақпараттық агенттігі.
“Биылғы жылы Норвегия, Финляндия, Эстония, Швеция, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Корея Республикасының жағалау күзеттерімен оқу-жаттығу жоспарлануда”, – деді Геннадий Медведев.
Также руководитель департамента береговой охраны России рассказал, что Республика Казахстан уже принимала участие в морских учениях, которые проходили в 2018 году.
Сондай-ақ, Ресей Жағалау күзеті департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы 2018 жылы өткен теңіз жаттығуларына қатысқанын атап өтті.
Геннадий Медведев бірлескен теңіз оқу-жаттығулары халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде деп санайды. Ол сондай-ақ Арктикада, Балтық және Қара теңіздерде және Тынық мұхитының солтүстік бөлігіндегі мемлекеттердің жағалаулық қорғауларының төрт форумы құрылғанын айтты.
Сурет: 24.kz