“Қазгеология” кәсіпорны 18 учаскеде жаңа кеніштерді іздеу үшін геологиялық барлау қызметін жүргізуде, оның ішінде бесеуі Жезқазған, Сәтпаев және Алтай моноқалаларының маңында орналасқан. Бұл туралы қазақстандық экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша Қарағанды облысында іздестіру жұмыстары бойынша 3 жоба іске асырылуда: аумағы 3835 ш. км Қайынды учаскесінде, Сегізбай-көлде – 1430 ш. км, сондай-ақ көлемі 515,5 ш. км тең Үшшоқы учаскесінде.
Бұл учаскелер Жезқазған және Сәтпаев елді мекендерінен жүз шақырым жерде орналасқан. Қала құраушы болып табылатын Жезқазған кәсіпорнының шикізат базасын толықтыру осы өңірдің дамуына жаңа серпін береді, деп министрлікте атап өтті.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қазгеология» компаниясы Зырян кен ауданында алтын-полиметалл кен орындарын іздеу бойынша ауқымды іздеу жұмыстарын жүргізуде.
“Кенннің минералдауы анықталған жағдайда, кейіннен бағалаумен, қорларды есептеумен Зырян кен ауданының шикізат базасы нығайтылатын болады”, – деді министрлік.
Бұл жобалар перспективалы учаскелерді, сондай-ақ болжамды ресурстарды одан әрі бағалай отырып, пайдалы қазбалардың кен көріністерін іздеуге және контурлауға бағытталған.
Бұдан бөлек, іздеу жұмыстарының нәтижелері бойынша учаскелердің геологиялық карталары, олардың бөлімдері мен геофизикалық және геохимиялық талдаулар картасы жасалады. Табылған нысандарға жиынтық көрсеткіштер бойынша геологиялық-экономикалық баға беру, сондай-ақ кейінгі барлау жұмыстарына ұсыныстар беру жоспарланып отыр.
Сурет: sputniknews.kz