Еліміздің мемлекеттік қызметшілеріне шетелде банк шоттарын ашуға тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы “Хабар24″ақпарат агенттігі жазады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейту керектігін айтты. Ол біздің мемлекеттік қызметкерлеріміздің, ұлттық компаниялар басшыларының және олармен үлестес тұлғалардың шетелдік банктік шоттарының құпиялылығын жоюды ұсынды.
Өз кезегінде, Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин тиісті заңнамалық түзетулер ағымдағы заң шығару қызметі шеңберінде пысықталып жатқаынын айтты.
Банк құпиясын және өзге де заңдармен қорғалатын құпияларды ашуға шектеуді көздейтін заңдардың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылады. Шетелдік банктерде ашылған шоттар туралы құпия ақпаратты ашу тәртібі тиісті мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі”, – деді Мамин.
Сурет: kchetverg.kz