“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясында орталық аппарат штатын қысқарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды “ҚазТАГ” АҚ баспасөз қызметі.
“Қазмұнайгаздың” адам ресурстарын басқару жөніндегі директоры Дәулетжан Хасанов қазіргі уақытта компанияда операциялық модельді қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Хасановтың айтуынша, нәтижесінде Қазақстанның мұнай компаниясы дағдарыс салдарын жоюға бағытталған шараларды жедел түрде тиімді қабылдай алатын болады.
“Бизнес-үдерістер оңтайландырылып, дағдарысқа байланысты өзектілігі жойылған жобалар мен іс-шаралар жоспарлары қайта қаралып жатыр”, – деді Хасанов.
“Қазмұнайгаздың” өкілі осыған байланысты мұнай компаниясының орталық аппаратының штаты 34%-ға қысқаратынын атап өтті.
Сондай-ақ Дәулетжан Хасанов қазақстандық мұнай компаниясы компания басшылығы үшін көліктерді жалға алудан бас тарту жоспарланғанын айтты.
Директор “Қазмұнайгаздың” иелігінде өз автопаркі жоқ, осыған байланысты автомобильдер жалға алынатынын түсіндірді. Енді компанияда бұл қызмет түрінен бас тартуға ниетті.
Сурет: azh.kz