“Самұрық – Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері бос жұмыс орындарының бірыңғай платформасының іске қосылғаны туралы хабарлады.
Сайттан Ұлттық Қор компаниялары тобының барлық бос орындары туралы бірыңғай мәлімет алуға болады.
“Веб-сайттың ресми мекенжайы https:/qsamruk.kz.Платформаны енгізу бос жұмыс орнына өтінімді қарау барысын қадағалау және “нақты уақыт режимінде” кері байланыс арқылы жұмысқа орналасу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, платформа әкімшілік және өндірістік лауазымдарына барлық бос жұмыс орындарына бірыңғай қолжетімді, сондай-ақ үміткерлерді іріктеу уақытын қысқартады және рекрутер жұмысының процесін оңтайландырады”, – деп хабарлады қордан.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қор басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов қызметкерлерді конкурстық іріктеудің бірыңғай рәсімін енгізу мәселесін көтерген болатын.