KAZ Minerals мыс өндіру компаниясы мен Ресей Федерациясының Үкіметі Чукоткада бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы inbusiness.kz ақпарат агенттігі жазады.
KAZ Minerals өкілдерінің айтуынша, сөз Чукоткада жаңа порт пен СТГ-электр станциясын салу туралы болып отыр.
Қазіргі уақытта мыс компаниясы мен көршілес елдің Министрлер Кабинетінің өкілдері осы жобаларды іске асыруға байланысты мәселелерді пысықтауда.
KAZ Minerals компаниясы Чукоткадағы жаңа порт пен СТГ-электр станциясының құрылысы туралы толығырақ ақпарат қажеттілігіне қарай жарияланатынын қоса айтты.
KAZ Minerals – мыс өндіруге мамандандырылған компания. Оның қызметі біздің республикамыздағы Қазіргі төмен шығынды тау-кен өндірістерін дамытуға бағытталған.
Бұған дейін Ресей Федерациясы біздің мемлекет аумағында минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысына бір миллиард доллар салатыны хабарланған.
Бұл кәсіпорынның қуаты жылына кемінде бір миллион тонна минералды тыңыйтқыш мен индустриялық өнім өндіруге жеткілікті болады деп жоспарлануда.