Қазақстан Ұлттық ұланының қызметкерлері Оралда Ұлы Отан соғысының ардагері Алевтина Митрохинаның құрметіне жеке парад өткізді. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпараттық ресурсы жазады
Жүздеген гвардияшылар қатысқан парад Алевтина Митрохинаның үйінің жанынан оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты саппен өтті.
Гвардияшылар ардагерге Қазақстан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатын табыс етіп, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Алевтина Митрохина Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталинград медсанбөлімінде медбике болып жұмыс істегендігін айтты. Қазір әйел өлең жазады, оның біреуі гвардияшыларға оқыды.
Шеру Жеңіс күніне арналған «Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты патриоттық эстафетасының аясында өтті. Бұл акцияның атрибуты Иван Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы болды.