Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу кезінде Түрікменстан Президенті екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты атап өтті. Сонымен қатар, ол еліміздің Тұңғыш Президентінің Қазақстан-Түркімен стратегиялық әріптестігін дамытуға қосқан зор үлесін атады.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастыққа, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға қатысты мәселелер қаралды.
Кездесу соңында Түрікменстан басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жолдады.