Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістанның Ассам штатында болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында қазақстандық дипломат жоғарыда аталған штаттың губернаторымен және бас министрімен кездесу өткізді.Кездесулерде Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Сондай-ақ сапары аясында Қазақстан елшісі Солтүстік-Шығыс өңірінің өнеркәсіп және сауда Федерациясына барды. Онда ол іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында дипломат шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан Үкіметі ұсынатын артықшылықтар туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, қазақстандық елші ауыл шаруашылығы, мұнай-химия,
тоқыма өнеркәсібі және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері туралы хабардар етті.