Кипр Президенті Никос Анастасиадис Қазақстанның Кипрдегі төтенше және өкілетті елшісі Болат Қуанышевты дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат Кипр Президентіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтау хатын тапсырды және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы дамуы туралы хабарлады.
Өз кезегінде Кипр басшысы Қазақстан басшылығына жылы лебізін білдіріп, біздің ел мен Кипр арасындағы екіжақты қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады.
Сурет: Mfa.gov.kz