Еліміздің Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев Татарстанның инвестициялық даму агенттігі (ТРИДА) өкілдерімен өткен бейнеконференцияға қатысты, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі дипломатиялық өкілдігінің баспасөз қызметі.
Кездесу “Ресей-Ислам әлемі: KazanSummit” халықаралық экономикалық саммиті аясында өтті.
Біздің республика елшілігі бұл саммит ТРИДА онлайн-жобасы болып табылатынын, оның аясында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Ресейдегі ислам қауымы дипломаттарымен интернет-сұхбат өткізіліп келетінін айтты.
Кездесу барысында Ермек Көшербаев пен Татарстанның инвестициялық даму агенттігінің басшысы Талия Минуллина Қазақстан -Татарстан ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылады.
Екі мемлекеттің өзара іс-қимылы туралы айта келе, тараптар бүгінгі таңда Татарстан Республикасында шамамен 40 қазақстандық-ресейлік кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.
Сондай-ақ, онлайн-пікірталасқа қатысушылар Татарстанның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасынан екі мыңға жуық студент білім алып жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында Минуллина Көшербаевты осы аптаның соңында өтетін Татарстан күні мен Қазан күніне арналған мерекелік шараларға қатысуға шақырды.
Сурет: kazembassy.ru