Ресейлік әскери дәрігерлерден тұратын топ әріптестеріне коронавирустық пандемиямен күресуге көмектесу үшін біздің елге жіберілді, деп Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады.
“Ресей әуе-ғарыш күштері Әскери-көлік авиациясының ұшағы Мәскеу облысында орналасқан Чкаловский аэродромынан Қазақстан Республикасына қазақстандық әскери дәрігерлерге жаңа коронавирустық инфекциямен күресте практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін ресейлік әскери дәрігерлер жіберілді”, – деп Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ресей ведомствосында медицина мамандары біздің екі әскери госпитальға – астаналық және Алматыдағы көмек көрсететінін түсіндірді.
Әскери дәрігерлер тобы анестезиолог-реаниматологтар, инфекционистер және терапевтер сияқты дәрігерлерден тұрады, олар бір ай бойы қазақстандық әріптестеріне коронавирусты жұқтырғандарды диагностикалауда, сондай-ақ емдеуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады.
Сонымен қатар медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдары бортта республикамызға жеткізіледі.
Осыдан біраз бұрын Қазақстанға бес ұшақ келген болатын, олардың бортында Федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің дәрігерлері болған. Олар қазіргі уақытта Байқоңырда пандемиямен күресуге көмектесуде.
Сурет: pskov.kp.ru