Алматылық дәрігерлер дельтаплан спорты сабақтары кезінде миокард инфаркт алып, биіктіктен құлаған британдық азаматтың өмірін сақтап қалды.
Бұл оқиға осы жылдың 16 тамызында болды. Британдық Джордж Микай миокард инфарктін алып, биіктіктен құлап жарақаттанды. Алматылық дәрігерлер зардап шегушіге бірден көмек көрсетуге келді. Олар шетелдік қонақты тексеріп, операция хжасады,сондай-ақ коронарография мен жүрек артериясына стенттеу жасады.
Өз кезегінде Ұлыбритания дәрігерлері Алматы облысының дәрігерлеріне алғысын білдіріп, Джордж Микайдың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
“Сәлеметсіз бе! Біздің пациент үіне сәтті жетті! Сізге және барлық аурухана ұжымына үлкен рахмет! Ағылшын әріптестері алғыс сөздерін айтып, құтқарылған өмір үшін алғыс білдіреді!”- деді британдық дәрігерлер.
Бүгінгі күні Джордж Микай Паддингтон клиникасында тексеруден өтуде. Британдық дәрігерлер жарты жылда ол толығымен қалпына келеді дейді.