Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері Алтай Республикасының аумағында бизнес-миссиямен болып қайтты. Сапарды сауда-өнеркәсіп палатасы, туризм мен кәсіпкерлікті дамыту орталығы, Алтай Республикасының экспортты қолдау орталығы, сондай-ақ “Ажур” консалтингтік компаниясы және осы ресейлік аймақтың кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты ұйымдастырды. Бұл туралы “Таулы Алтай жаңалықтары” хабарлады.
Бизнес-миссия Шығыс Қазақстан мен Алтай Республикасының кәсіпкерлік топтары арасындағы сыртқы сауда саласындағы байланыстарды дамытуға арналды. Іс-шара барысында Таулы Алтайдың экспорттық мүмкіндіктерін көрсету, ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлеуетті экспортын, биофармацевтикалық саланың тауарларын, жеміс және сәндік өсімдіктердің көшеттерін, папоротникті, омарта өнімдерін және т.б. қарау болды.
Қазақстандық делегацияға “Саарал”, “Девятка”, “Әлем тазалығы” компанияларының, сондай-ақ “Айка” және “Ернар” шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Алтай Республикасынан келген делегация іс-шараларға “Фито-Пам”, “Нарине”, “Горно-Алтай Экопродукт”, “Биостимул”, “Меркит”, “Горно-Алтай питомнигі”, “Минор” және т.б. компаниялардың өкілдері қатысты. Бизнес-миссияны жүзеге асыру нәтижелері бойынша тараптар бірқатар келісімдерге қол қойды.
Алтай Республикасының ТМД елдері арасындағы халықаралық қызметі ең алдымен Қазақстан Республикасымен қатынастарды дамытуға бағытталған.
Сурет: gorno-altaisk.info