Қарағанды облысынан алғаш рет қазақстандық эко-бидай Еуропаға сатуға жіберіледі. Бұл туралы “Найдоровское” шаруа қожалығының басшысы Павел Лущак хабарлады.
Оның айтуынша, шаруа қожалығына астық сатуға қажетті халықаралық органикалық өндіруші сертификатын алу үшін үш жыл қажет болды.
Павел Лущак Еуропаға экспортқа шығарылатын бидай өндірісінің бірде-бір кезеңінде химиялық заттар пайдаланылмағанын айтты.
Сондай-ақ, спикер биылғы жылы Қарағанды облысындағы егіс алқабы 886 гектарға дейін артқанын хабарлады.
Сонымен қатар, шаруа қожалығының механизаторы Владимир Чаус сандық технология фермерлерге ауа райының күрделі жағдайына қарсы күресте екінші жыл көмектесіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, нақты егіншілік қолданылған жерде өнім орташадан 2 есе жоғары болды.
“Құрғақшылық болды, бірақ жақсы өнім өсті. Жаңа техника, комбайн тағы бір “Джон Дир” сатып алынды. Техника бар. Енді тек ауа-райы жинауға мүмкіндік берсе”, – деді Владимир Чаус.
Сурет: uts-group.kz