Біздің республикамызда 15 жасқа дейінгі қазақстандық балалар ұшақтарда тегін ұшуға болатын жоба әзірленді, деп хабарлайды “Қазақтуризм” Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Сөз KIDS GO FREE жобасы туралы болып отыр, оның арқасында әрбір ата-ана екі баласымен тегін біздің республикамыз бойынша демалуға шыға алады.
“Қазақтуризмде” бұл жоба азаматтарды демалуға ынталандыру мақсатында жасалғанын айтты. Компания оны қазақстандық Қаржы министрлігіне республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізгенін атап өтті.
Ұлттық компанияның мамандары осы жобаның арқасында Қазақстан Республикасында демалу 30%-ға арзан болатынын атап өтті.
“Қазақтуризм” – еліміздің туристік әлеуетін ілгерілету және салаға инвестиция тарту мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық компаниясы.
Бұған дейін коронавирустың таралуының алдын алу бойынша сұрақтарға жауап беретін ведомствоаралық комиссия 15 маусымнан бастап халықаралық бағыттар бойынша авиарейстерді кезең-кезеңмен жаңартуды бастауға рұқсат беретінін хабарлаған.
Сурет: Sputniknews.kz