Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашевты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі жазады.
Әңгіме барысында қазақстандық археолог Тоқаевқа Қазақстан ғылымының өзекті мәселелері туралы айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы ғылыми жаңалықтар мен жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулер туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында Зейнолла Самашев мемлекет басшысына Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы сақ кезеңіне жататын тұрақтарды қазу, Берел қорғанының археологиялық зерттеулерінің нәтижелері, және шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық туралы мәлімет берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары ашылған жаңа дереккөздерді ежелгі және орта ғасырлық Қазақстан тарихына енгізу қажеттігін айтты.
Сурет: Akorda.kz