Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің экономикалық тергеу қызметі жедел-профилактикалық іс-шаралар айы аясында 15 жасырын казиноны тауып, жабды, деп inbusiness.kz хабарлайды.
Жасырын казино ұйымдастыру түріндегі құқық бұзушылық үшін ҚР ҚК 307 бабы бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыскерлерді әшкерелеуге Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамы, сондай-ақ Қазақстан азаматтары көмектесті.
Ағымдағы жылы 15 жасырын казино, сондай-ақ букмекер кеңсесі ретінде ресімделген 49 мекеменің жұмысы тоқтатылды. Нәтижесінде 5 мың айғақ зат алынды, оның ішінде ойын терминалдары, компьютерлік және покер үстелдері бар. Құқық бұзушылық фактілері бойынша 157 қылмыстық іс қозғалды.
Сурет: inbusiness.kz