Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде онлайн режимінде “Айбын”республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Бұл туралы “Жас сарбаз “балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев мәлімдеді.
“Әлемдегі өзгермелі жағдайды ескере отырып, биылғы жылы “Айбын” әскери-патриоттық жиыны онлайн түрінде өтеді”, – деді ол.
Ол іс-шараға әскери мектептердің, лицейлердің және патриоттық клубтардың 525 тәрбиеленушісі қатысатынын атап өтті. Сондай-ақ жарысқа 14-18 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жеке тәртіппен қатыса алады.
27 мамырдан бастап 28 қыркүйекке дейін арнайы сайт пен ұялы телефон үшін қосымшалар жасалады, онда барлық дайындық бағыттары, бағалы қондырғылар мен қатысушылар үшін нормативтер ұсынылады.
Жарыс 28-30 қыркүйек аралығында өтеді.
Сурет: ru.sputniknews.kz