Бүгін Қазақстан Республикасында жаңа әуежай құрылысы басталатыны белгілі болды. Әуежай Түркістан облысы салынады, өңір әкімдігі YDA Holding түрік компаниясымен керекті келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды «Спутник-Қазақстан» ақпараттық агенттігі.
» Осы әуежайда алғашқы жұмыстарды бастадық деп жариялау біз үшін бұл үлкен құрмет. Біз шамамен 100-120 миллион доллар инвестициялайтын боламыз. Әуежайда барлығы халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін жобалау, дизайнын жасау, атап айтқанда, аэродром, ұшу-қону жолағы, терминал жасау өте қиын. Бізде бұлардың бәрі бар, біз әуежайлар бизнесінде көп жыл жұмыс істейміз», — деді YDA Holding компаниясының басқарушы кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан.
Айта кетейік, 2020 жылдың соңына қарай Түркістан облысында әуежай құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
«Бір жарым жыл ішінде әуежай салу — біз үшін бұл сын. Желтоқсан айында алғашқы ұшақтарды қабылдаймыз деп үміттенемін», — деді Хусейн Арслан.
Сурет: vos.aero