“Атамекен” Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт бүгін біздің мемлекеттің бизнес өкілдерімен сұхбат алаңында Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанға экспорт жоспарында жаңа бағыттарды ашуға көмектескенін мәлімдеді.
“ЕАЭО аясындағы оң сәт, егер перспективалар туралы айтатын болсақ, бізге Вьетнаммен, Иранмен және т.б. еркін сауда аймақтары туралы бірлескен келісім жасасуға қосымша мүмкіндіктер береді. Бізде ешқандай экспорт болмаған жерде ол пайда болады”, – деді Евгений Больгерт.
Сарапшы сондай-ақ сыртқы сауда мәселелерінде қырағылықты сақтауды ұсынды.
“Осы келісімдерді жасаған кезде тепе – теңдікті мұқият қарау керек, өйткені бірқатар өнімдеріміз бойынша ұстанымымызды сақтап қалу мүмкін емес, яғни біздің өндірушілер біздің серіктестеріміздің өнімдері кедергісіз кіретініне алаңдайды және сол кезде біз ішкі нарықта бәсекелестік кезінде қиындықтарға ие боламыз”, – деп атап өтті Евгений Больгерт.