Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Қазақстанда Қытай экспансиясына жол беру әлеуметтік дүмпуге әкелуі мүмкін

5 года назад
Потворствование китайской экспансии в Казахстане может привести к социальному взрыву

Соңғы онжылдықтағы оқиғалар Қытайдың «жұмсақ күшін» ілгерілету бойынша күш-жігеріне қарамастан, Қазақстанда синофобия сақталып келе жатқанын көрсетеді. 2019 жылғы Қытайға қарсы шығу мұның дәлелі.

Қытайға қарсы наразылықтар толқыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында өтті. Наразылық Жаңаөзенде өршіді, онда 2 қыркүйекте ондаған адам қытай зауыттарының құрылысына қарсы митингке шықты. Кейін наразылық Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Орал, Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларын қамтыды. Қытайға қарсылық бірнеше аптаға созылды. Зауыттар салуға тыйым салумен бірге, азаматтар Тоқаевтың Пекинге сапарынан бас тартуын талап етті.

Әрине, билік өкілдері жаппай наразылықтарды назарынан тыс қалдыра алмады.Түрлі қалаларда наразылық білдірушілермен шенеуніктер аездесіп, Қытай жобалары үкіметаралық келісім аясында іске асырылып жатқанын, ол Қазақстан экономикасына қажет екенін айтты. Сонымен қатар, СІМ еліміз Қытайды технологиялар мен инвестицияларды жеткізуші ретінде қарастыратынын, ал Қазақстан-Қытай жобалары шетелдік мамандарды тек құрылыс және пайдаланудың бастапқы кезеңдеріне шақыруды көздейтінін атап өтті.

Ия, сайып келгенде, біздің басшылық жағдайды өз қолына алып, адамдарды тыныштандырды, бірақ, өкінішке орай, олардың көшеге плакаттармен шығу себептерін ешкім жойған жоқ.

Біріншіден, тәжірибе көрсеткендей, қытайлық инвестициялармен бірге қытайлық жұмысшылар да келеді. Аспан асты елімен бірлесіп салынып жатқан зауыттардың құрылысы қазақстандықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етпейді, өйткені оларда тек қана қытайлықтар жұмыс істейді. Екіншіден, халық әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейіне байланысты, басталған жобалар белгіленген мерзімде аяқталмайды, ал қарыз алушыға берілетін қаражаттың едәуір бөлігін ысырап етеді деп санайды. Тиісінше, ел жаңа қарыздар алуға мәжбүр болады.

2019 жылғы Қытайға қарсы наразылықтар біздің мемлекетіміздегі синофобияның алғашқы жаппай көрінісі емес екенін атап өткім келеді. Мысалы, 2016 жылдың көктемінде Қазақстанда Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қарсы жаппай митингілер өтті. Бұл түзетулер шетелдіктерге ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сату және ұзақ мерзімді жалға беру мүмкіндігін қарастырған. Азаматтар жер учаскелерінің едәуір бөлігі Қытайдың бақылауына өтетініне қауіптерді. Бұл оларды митингіге шығуға мәжбүр етті. Нәтижесінде биліктің түзетудің күшіне енуіне мораторий жариялаудан басқа амалы қалмады.

Қазақстанда Қытайға қарсы шығу одан да зор жалғасуы мүмкін және бұл этникалық қытайларды ерекше ұнатпағандықтан емес. Қоғамда ұзақ уақыт бойы жинақталған әлеуметтік наразылықтар мен қарама-қайшылықтар тым көп, ал Қытай капиталының өктемдігі, Аспан асты елінің өндіруші компаниялары қазақстандық жұмысшыларды шамадан тыс қолдануы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі құлдық келісімшарттар халықтың ашуын күшейте түседі. Үкімет ұлттық еңбек заңнамасын сақтамайтын қытай компанияларының өндірісі мен қызметін ауыстыруға қарсылық әлеуметтік дұмпуге әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек.

Азаматтық және әскери қақтығыстарды зерттеу орталығының сарапшысы Сұлтанбек Агеев, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Сурет: oilreview.kiev.ua

Новости СМИ2
Алдыңғы

Марқұм белсендінің ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды

Келесі

Екі елдің президенттері Қырғызстанға көмектесуге келісті

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.