Атырау халықаралық әуежайына әйгілі кеңес ұшқыш-қазақ қызы Хиуаз Доспанованың есімі беріледі. Бұл туралы электрондық үкімет порталы хабарлайды.
“Атырау халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамына Хиуаз Доспанованың есімі берілсін”, – делінген Үкімет қаулысы жобасының мәтінінде.
Хиуаз Доспанова-Ұлы Отан соғысы кезінде ұлты қазақ жалғыз ұшқыш. Ол штурман-атқыштар болды және соғыста Жеңіске елеулі үлес қосты. Оның құрметіне Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 лайнері аталды.