Тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару Қазақстанда жеңілдеді. Енді азаматтың ХҚКО-на барудың қажеті жоқ. Ол үшін eGov.kz, порталына кіру, қызметті және жылжымайтын мүлік орналасқан аймақты таңдау жеткілікті болады. Бұл ретте тіркеуден шығару туралы өтінішті растау үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет емес.
Осы қызметті алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталында тіркелген болу керек. Өз аккаунты және электрондық – цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс.
Қызмет көрсету нәтижесі азаматтың тіркеуден шыққаны туралы құжатының дайындығы немесе дәлелді бас тарту мәртебесі көрсетілген хабарлама болып табылады.
Бұрын тұрғынның өзі ХҚКО-ға келіп, өтініш білдіргенде ғана тіркеуден шығарылатын.
Сулет: 365info.kz