Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстанда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік медаль шығарылады

5 года назад
Қазақстанда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік медаль шығарылады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне мерекелік медаль тағайындау туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп zakon.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын», — делінген құжатта.

Сондай-ақ жарлықпен мерекелік медальмен марапаттау қағидалары бекітіледі.

Мерекелік медальдің бет жағында (аверсінде) «Қазақстан ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ»деген жазу орналасқан. Мерекелік медальдің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнесі орналасқан.

Мерекелік медальдің сыртқы жағында (реверсінде) орталық бөлігінде төрт жолмен орындалған «Қазақстан Республикасының ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ» деген жазу орналасқан. Жазудың төменгі және жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Мерекелік медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі, алтын түстес. Аверс пен реверс беті күңгірттелген.

Мерекелік медаль сары түсті металдан (жезден) дайындалады.

Ережеге сәйкес, мерейтойлық медаль Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан шетелдік азаматтарға беріледі.

Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгізеді.

Мерекелік медальді ҚР Президенті тапсырады.

ҚР Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша мерекелік медальді:

ҚР Мемлекеттік хатшысы;
Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы осыған уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар кіреді.

Мерекелік медальмен бірге наградталған адамға белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Біздің еліміз ДСҰ-ның он екінші министрлік конференциясына төрағалық етуге шақыруды қабылдады

Келесі

Жастар жұмыссыздығы экономиканың шикізат моделімен тікелей байланысты

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.