2019 жылы Қазақстанда төрт колонияны жабу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрлік басшысының айтуынша, республикадағы қамаудағылар санының қысқаруына байланысты, төрт түрме келесі жылы жабылатын болады.
Өткен екі жыл ішінде, осы себеппен 7 түзеу мекемесі өз жұмысын тоқтатты.
Келесі жылдан бастап, қызмет етуін тоқтататын түрме қызметкерлері, шартты мерзімге кесілген сотталғандардың тағдырын қадағалайтын қызметке ауыстырылады.