Қазақстанның ішкі әуе рейстерінде бір орындык арқылы барлық жолаушыларды отырғызу туралы талап алынып тасталады. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов хабарлады.
“Жаңартылған рейстердің алғашқы жолаушыларында COVID-19 жұқтыру жағдайлары анықталмағанын ескере отырып, ағымдағы жылдың 7 мамырынан бастап бір жолаушы оряндығы арқылы ұшақта жолаушыларды отырғызу талабы алынып тасталды. Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің тиісті қаулысы қабылданды. Яғни, 7 мамырдан бастап әуе кемесінің бортында ішкі әуе рейстеріне толық тиеу жүзеге асырылатын болады”, – деп келтіреді агенттік.
Ұшу үшін қалған санитарлық-карантиндік талаптар, оның ішінде жолаушыда коронавирусқа теріс тест туралы анықтаманың болуы күшінде қалады.
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан астанасымен Алматы қалаларының арасында тұрақты әуе рейстері ашылды, 4 мамырдан бастап Нұр-сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Өскеменге, сондай-ақ Семей қаласына рейстер қайта басталды.
Сурет: inbusiness.kz