Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілер құс фабрикасындағы өртті сөндірді. 2 мың 700 үйрек құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Өрт 22 наурызда Қызылжар ауданының Бескөл ауылында орын алды. Қысқа тұйықталудың салдарынан, нәтижесінде жүз үйрек өлген. “Бескөл құс фабрикасы” ЖШС-дегі өрт туралы қоңырау 14.45-те келіп түсті. Өрт сөндіруге Бескөл ауылының және Петропавл өрт сөндірушілері келді.
Тұрмыстық бөлмеде басталған төтенше жағдай, 15.30-да толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер 2 мың 710 үйректі құтқарды, ал 90 құс өртке шалынып өлді. Өрт алаңы – 16 шаршы метр.
Өрттің болжам себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Нақты себеп пен келтірілген залал анықталуда.
Сурет: alexandragor.livejournal.com