Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан Республикасында үш кеден бекетінің таратылуына, сондай-ақ екі жаңа бекеттің құрылуына байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік декларацияларды қайда тапсыра алатынын айтып берді. Бұл туралы “Спутник Казахстан”жаңалықтар ресурсы хабарлайды.
Қаржы ведомствосының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы “Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының штат саны мен құрылымын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымы бірқатар өзгерістерге ұшырады.
Нәтижесінде Қазақстанда Алматы қаласында орналасқан “Алматы-ТҚО”, Ақмола облысында – “Атбасар”, сондай – ақ Маңғыстау облысында “Қашаған” сияқты 3 кеден бекеті таратылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінде Маңғыстау облысында орналасқан “Құрық” кеден бекетін, сондай-ақ “Қара Шекпен” өткізу пунктін құру туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, “Түркістан-ЦТО”кеден бекеті қайта аталды. Қазір ол “Түркістан-ЦТО-Ауежай” деп аталады.
Комитет осы жылдың 14 қаңтарынан бастап жойылған кеден бекеттерінде кедендік декларация тапсыруға болмайды деп қосты. Сондықтан декларанттар мен кеден өкілдерінің қызмет аймағында олардың өнімдері орналасқан кеден бекетінде кедендік декларацияны тапсыруға мүмкіндігі бар.
Сурет: imagesratel.kz