Бүгін ведомство отырысында Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазіргі таңда Қазақстанда сарапшыларды қолдаудың жаңа моделі енгізілуде деп мәлімдеді.
“Қазақстандық өнімді өткізу нарығын кеңейту үшін Орталық Азия, Ресей, Қытай нарығы басым бағыттар болып белгіленді. Бүгінде экспорттаушыларды бірыңғай терезеден қолдаудың жаңа моделі енгізілуде. Мұнда біз кәсіпкерлер палатасымен, холдингтермен, даму институттарымен бірлесіп, біздің экспорттаушыларды сервистік қолдау бойынша жаңа тәсілдерді жасайтын боламыз. Бүгінгі таңда бұл мәселенің өзектілігі үлкен, экспорттаушылар үшін бірыңғай терезе жоқ, экспорттаушыларды кең қолдау жоқ”, – деді Бақыт Сұлтанов.
Ол сондай-ақ біздің мемлекетіміз халықаралық аренадағы келіссөздер процестеріне белсенді қатысуға ниетті екенін атап өтті.
“Оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық интеграция, ДСҰ – ға мүше болу бойынша келіссөздер бағыттары”, – деп Сұлтанов толықтырды.