Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің өкілдері ведомство жүзеге асырып жатқан жұмыстармен таныстыру мақсатында ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында қызмет ететін әріптестерімен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде тараптар ынтымақтастықты жолға қою және ұшу қауіпсіздігіне қатысты авиакомпанияларды одан әрі бақылау үшін екіжақты жұмысты күшейту қажеттілігі, сондай-ақ ұсынылатын авиақызметтер сапасын арттыру бойынша келісімге келді.
Жақын арада кездесуге қатысушылар Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ынтымақтастыққа қатысты меморандумға қол қоюға ниетті.
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова еліміздің санитариялық авиациясындағы мәселелерге назар аударды. Оның айтуынша, Қазақстанның жекелеген өңірлерінің тұрғындары медициналық көмекті тек санитарлық авиацияның арқасында ғана ала алатын болса да,, олардың жалақысы төмен, ал қарауында ескі ұшақ бар.
“Халықаралық талаптарға сәйкес келетін заманауи әуе аппараттарын пайдалану қажеттілігі науқасты тасымалдау кезінде медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылығын арттырудың басты шарты болып табылады”, – деп атап өтті ол.
Қазақстанда бұл жағдайды түзетуге және дәрігерлердің жұмысының сапасын жақсарту үшін санавиацияда заманауи ұшу аппараттарын қолдануға ниет білдірді.
Сурет: baigenews.kz