Қазақстандық индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері 2025 жылға дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадағы 27 өткізу пунктін қайта құру жоспарланғанын хабарлады.
Қайта жаңартумен автокөлік жолдары комитеті айналысатын болады. Жоспарланған жоба бес кезеңде жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда екі бауырлас ел арасындағы шекарада 30 өткізу пункті бар, оның 17 – і көпжақты және 13-і екіжақты болып табылады.
Комиссия Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан осы өткізу пункттерін бағалауды жүзеге асырды. Қорытынды бойынша 27 өткізу пунктін қайта құру туралы шешім қабылданды.
“Сырым”, “Тасқала”, “Қосақ”, “Өрлітөбе”, “Жаңа жол”, “Әлімбет”, “Қарақоға”, “Шаған”, “Құрманғазы”, “Жезкент”, “Қоянбай”, “Байтанат”, “Амангелді”, “Обаған” және “Желқуар”.
Сурет: miid.gov.kz