Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстанда Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі пайда болады

5 года назад
Станут ли чиновники на местах частью «слышащего государства»?

Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп zakon.kz хабарлайды.

Ереже бойынша, Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі мемлекеттік саяси қызметші болып табылады және оны Президент Әкімшілігі Басшысының ұсынуы бойынша Мемлекет басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бұл ретте ол президентке есеп береді.

Арнайы өкілдің негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

— саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қою;

— еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен ҚР Президентінің бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету.

Арнайы өкіл мынадай функцияларды жүзеге асырады деп жоспарлануда:

— ҚР Президентіне сыртқы саясатты және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ҚР Президентінің халықаралық бастамаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
— өз құзыреті шегінде шет елдердің және халықаралық ұйымдардың саяси және қоғам қайраткерлерімен, шет елдердің іскерлік топтарының өкілдерімен келіссөздерді ұйымдастырады және өткізеді, Сауда-экономикалық, инвестициялық, технологиялық және басқа салалардағы басым жобаларды ілгерілетуге қатысады;
— ҚР сыртқы саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындауға және оны кейіннен іске асыруға қатысады;;
— Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бөлігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының жобасын дайындауға қатысады.

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындау Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын ілгерілетуді арттырады, — делінген СІМ-нің түсіндірме жазбасында.

Арнайы өкілдің қызметін қаржыландыру ҚР Президентінің Әкімшілігіне бөлінген бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын болады.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Елордада кәсіпкерлер карантинді бұзғаны үшін он екі млн теңгеден астам айыппұл төледі

Келесі

Мамин азаматтардың кірістерін ұлғайтудың барлық нұсқалары бюджет үшін қымбатқа түсетінін айтты

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.