Мемлекетіміздің аумағында, 1 маусымға қараған түні, аймақтар арасындағы жол тосқауылдары алынып тасталды. Енді қазақстандықтар автокөлікпен еліміздің басқа аймақтарына бара алады.
Ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап қалааралық автобустарды жаңарту жоспарлануда. Рейстер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып орындалады.
“Ел ішінде орын ауыстыруға тыйым салуды алып тастау жалпы елімізде өңірлер арасында аурушаңдық деңгейі теңестірілгенін білдіреді. Енді азаматтарды орын ауыстырудан қоршаудың қажеті жоқ”, – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Алайда, облыстық әкімдіктердің шешімі бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық өсімі сақталатын аймақтарда блокпосталар сақталуы мүмкін.
Қазақстан аумағында 313 қалааралық бағыт бар, онда 88 тасымалдаушы жұмыс істейді.