Биыл халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған өндірістік жарақаттану және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс орындарын төмендету бойынша кешенді жол картасын қабылдамақ.
2018 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында жазатайым оқиғалар салдарынан 975 адам зардап шекті. 2017 жылы зардап шеккендердің саны көбірек болған, 1070 адамнан.
Жол картасын қабылдаумен шенеуніктер өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуді (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалар коэффициентін 0,27%-ға дейін), сондай-ақ еңбекті қорғау жылы – ақпараттық науқан өткізуді ойластыруда.
Шенеуніктердің бастамасы қаншалықты табысты болады және “жол картасы” тек қағазда жақсы тілектер болып қала ма, жоқ па, оны біз ағымдағы жылы білетін боламыз.
Сулет: inform.kz