Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова ведомствоның кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакетті күшейту үшін арнайы шаралар әзірлеу қажеттігін айтты.
“Дамыған елдердің тәжірибесі әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің оңтайлы пакеті жоғары білікті мамандардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыратынын көрсетеді”, – деді Жайылғанова.
Ол мемлекеттік қызметтің аумақтық бөлімшелерінің басшыларына осы мәселені шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды және оларды өңірлердің ерекшелігі мен қажеттілігін ескере отырып жария етуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған арнайы шаралар әзірлеу қарастырылған.
Сурет: informburo.kz