Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, өңірде іске асырылып жатқан инновациялық жобалар туралы айтты. Бұл туралы tengrinews.kz ақпарат агенттігі жазады.
Осындай жобалардың бірі – травматология мен ортопедияға арналған медициналық қондырымдар өндірісі.
Облыс әкімі Шығыс Қазақстанда импланттар өндірісі бойынша алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске құрылғанын атап өтті. Ахметов бұл біздің мемлекеттегі жалғыз өндіріс екенін нақтылады.
Аймақ басшысы қондырымдардың адам ағзасының тіндерімен үйлесімділігі тексерілгендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол қазақстандық өнімдердің бағасы шетелдік аналогтарға қарағанда төмен, бірақ сапасы нашар емес екенін айтты. протездер 70%-ға арзан.
Брифинг аясында Даниал Ахметов медициналық томографтарда қолданылатын асқын өткізгішті сымдарды дайындауға арналған технологиялар әзірленгенін хабарлады.