Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген “салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы аясында көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын алып тастау және жеке тұлғалар үшін мүлік пен жерге біріккен салықты енгізу жоспарланып отыр.
Заң жобасының авторлары мұндай жаңалықтың мақсаты жеке тұлғалар үшін мүлік пен жерге салық төлеуді оңайлату болып табылатынын мәлімдеген.
Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын алып тастау жоспарланып отыр, авторлар түсіндіргендей, бұл салықты жинауға нысандар мен есеп айырысулардың көп санына байланысты әкімшілік етуге негізсіз жоғары шығындар қажет.
Қазіргі уақытта құжат мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтуде.
Құжаттың мәтінімен Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады.
Заң жобасын келесі жылдан бастап енгізу жоспарлануда.