Қазақстанда мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындарының санын қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің вFacebook бетінде хабарлады.
Министрлік педагогтарды даярлауға арналған лицензияға қосымшасы бар жоғары оқу орындарына қосымша талаптар даярлауда – барлығы 85.
“Қазіргі уақытта әрбір көп салалы ЖОО мұғалімдерді даярлайтын жағдай қалыптасты. Бұл ретте сапа жақсы қалады. Осыған байланысты талаптарды күшейту арқылы мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындарының санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Басқа бағыттар бойынша мамандар даярлай алады, бірақ педагогикадағы лицензия кері қайтарылуы мүмкін. Шамамен, аймақтағы бір күшті ЖОО мен Алматыда мұғалімдер даярлайтын бірнеше ЖОО қалады”, – деп атап өтті министр.