Біздің республикада коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдердің тізімін өзгертті. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат агенттігі хабарлады
Басты өзгеріс – коронавирус бойынша қолайсыз елдердің 2 және 3 санаттарын тізімнен алып тасталды. Енді тізімде тек бірінші санат және оның А және Б – кіші санаттары болады.
А кіші санатына Франция, Иран, Италия, Испания, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка және Египет сияқты елдер енгізілді.
Б кіші санатына коронавирус инфекциясымен аурырған жағдайлар ресми тіркелген барлық мемлекеттер енгізілді.
Енді біздің елге А кіші санатындағы мемлекеттерден келген барлық азаматтар стационарға екі апталық карантинге оқшауланады.
Б кіші санатындағы елдерден келген азаматтарға қатысты басқа шаралар қолданылатын болады. Атап айтқанда, олар коронавирусқа тест жүргізу үшін бір күнге оқшауланады, кейін екі апта мерзімге үй карантиніне орналастырылады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, біздің елімізде коронавирусты жұқтырудың 68 оқиғасы анықталды: Нұр-Сұлтанда – 35, Алматыда – 29, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 және Ақтөбе облысында – 1.
Сурет: tengrinews.kz