Қазақстан ғалымдары коронавирус инфекциясына қарсы өзінің вакцинасына Ресей Федерациясысындағыдай клиникалық зерттеулер жүргізуді жоспарлуда. Бұл туралы біздің елімізде індеттің таралуын болдырмау бойынша сұрақтарға жауап беретін ведомствоаралық комиссия айтты.
Атап айтқанда, ресейлік тәжірибені ескере отырып, COVID-19-ға қарсы препараттың клиникалық сынақтарын стандартты төртеуінің орнына, екі кезеңде жүргізу жоспарлануда.
Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, вакцинаны екі кезеңде сынау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына қайшы келмейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеуінің нәтижесін растайтын болса, онда біздің республикада ол өндірілетін болады.
Бұған дейін Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының бес ғалымы өздерінің коронавирусқа қарсы вакцинасын өздеріне сынағаны туралы хабарланған.
Вакцина егілгеннен үш күн өткен соң, еріктілер денсаулығы жақсы екенін айтты. Сонымен қатар, ғалымдарда аллергия да, дене қызуы да анықталған жоқ.
Сурет: gazeta.ru