Біздің елде мұрынға себілетін коронавирус инфекциясына қарсы жаңа вакцина жасалуда. Бұл препаратты Қазақстан ұлттық аграрлық университетінің ғылыми қызметкерлері әзірледі.
Вакцина туралы толығырақ осы университеттің халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі, профессор Қайсар Табынов айтты.
Оның айтуынша, инъекциясыз препарат нанобөлшектер негізінде жасалған. Ол коронавирусқа қарсы ең қауіпсіз вакцина болады деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта отандық әзірлеме клиникаға дейінгі зерттеулер сатысында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны COVID-19-ға қарсы кандидат вакцина ретінде тіркеді.
Табынов егер клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері мұрынға себілетін вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі расталса, онда ғалымдар клиникалық зерттеулерге кірісетінін мәлімдеді.
Қазірдің өзінде біздің республикада биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары жүргізілуде. Бұл зерттеулер Ресейдегідей, атап айтқанда стандартты төрт фазаның орнына екі фазада өтеді.
Сурет: vesti92.ru