Қазақстанда 5-6 қарашада «Қыс-2019″командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқу – жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі», — делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу барысында Қазақстанның барлық облыстарында электр сиреналарын іске қосу арқылы хабарлау жүйесі тексеріледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты-қазақстандықтардың » барлығына назар аударыңыз!».
Сурет: inbusiness.kz




