Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантиннен бас тартқан азаматтарға қатысты қандай шаралар қабылданатынын айтты. Бұл туралы nur.kz жаңалықтар ресурсы хабарлады .
Елжан Біртанов карантин шарттарын бұзғаны үшін 13 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл қарастырылғанын айтты.
Сонымен қатар, министр, егер азамат карантиннен бас тартса, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен медиктерге қарсылық көрсетсе, оны қамауға алатынын түсіндірді.
Егер мұндай азаматтың іс-әрекеті басқа адамдарға жұқтыруға ықпал ететін болса, онда оған қылмыстық іс ашылып, кейін қылмыстық жауапкершілік басталады.
Елжан Біртановтың айтуынша, қазір Қазақстанда жолаушылармен бірге біздің елімізге Германия мен Италиядан келген адамдарды іздестіріп жатыр, кейіннен оларды оқшаулау жұмысы жүргізіледі.
Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі біздің республикамызда коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары тіркелгенін айтты. Инфекция Германия мен Италиядан келген үш азаматтан табылды.